| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Қаржы министрінен Ыстықкөлдегі нысандардың даму келісімінің орындалмау себептерін сұрады. Министр Мәди Тәкиев экономикалық тұрақсыздық пен қаржы тапшылығын басты себеп ретінде атады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысындағы нысандарды дамыту бойынша келісімнің орындалмау себебін Қаржы министрі Мәди Тәкиевтен сұрады.
- 2006 жылғы келісім бойынша нысандар 2010 жылға дейін 3-4 жұлдызды қонақ үй деңгейіне жеткізілуі керек еді. Алайда бүгінге дейін ештеңе жасалмаған. Өткен жылы келісімге өзгерістер енгізіліп, орындалу мерзімі 2029 жылға дейін ұзартылды. Осы уақытқа дейін орындалмау себебін түсіндірсеңіз, — деді депутат.
Министртің айтуынша, негізгі кедергілер — Қырғызстандағы экономикалық және саяси тұрақсыздық, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуі. Егер бес жыл ішінде нысан толық салынбаса, ол Қырғызстан Республикасына өтеді.