Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы түбегейлі шегенделді
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы түбегейлі шегенделді

11.07.2023
2 мин
2
772
Фото: turkystan.kz

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қазақ-өзбек шекарасы туралы дәстүрлі брифинг барысында екі мемлекеттің арасындағы шарт күшіне енуі үшін 100 раундтан тұратын келіссөз жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте екі мемлекеттің басшысы қол қойды. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық шегендеудің 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді»,- деді Айбек Смадияров.

Ол атағандай, екі мемлекеттің арасындағы шарт күшіне ену үшін 100 раундтан тұратын келіссөз жүргізілген.

«Ұзындығы 2357 шақырым болатын шекара сызығы 1301 шекаралық белгімен белгіленіп, көлемі 8 мың парақтан асатын шегендеу құжаттары көрсетілды. Осы оқиға мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал етеді», - деді СІМ өкілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Р
Рауан Жолдасова 12.07.2023
Жақсы болған екен. Шекараның аты шекара
Жауап беру
Д
Динара 11.07.2023
Сонда шекара түбіндегі үйлер сносқа кетема
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл