Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылды

15.08.2023
1 мин
0
564
Фото: mail.kz

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті 18-20 тамызда жұмыс істемейді, деп хабарлайды Dauletten.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, осы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Бақты» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылып жатыр.

«Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған. Осыған байланысты Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында «Бақты» өткізу пунктінің жабылатынын хабарлайды», – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

«Бақты» өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр.

Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл