439.37
498.6
5.22
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан – Қытай шекарасындағы бекеттер 3 күнге жабылады
Жаңалықтар

Қазақстан – Қытай шекарасындағы бекеттер 3 күнге жабылады

29.09.2026
мин
0
66
Сурет: https://t.me/atamekenbusiness_qaz

Қазақстан – Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері 3 күн жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан мен Қытай арасындағы бірқатар автокөлік өткізу бекеттерінде 1–3 қазан аралығында адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылады. Шектеу Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты мерекелік демалысқа орай енгізіліп отыр. Бұл ретте теміржол арқылы өтетін өткізу бекеттерінің жұмысы әдеттегі режимде жалғасады.

Мемлекеттік кірістер комитеті шекара арқылы өтуді жоспарлап отырған азаматтар мен жүк тасымалдаушыларға сапар уақытын алдын ала белгілеп, уақытша шектеулерді ескеруге кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін 25 қыркүйекте Қытайдағы Орта күз мерекесіне байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерінде уақытша шектеу қойылған болатын.


Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл