Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы ЯҚТШ-қа қатысушы мемлекеттердің Бірінші конференциясының жұмысына қатысты

22.06.2022
1 мин
0
564

Вена, 2022 жылғы 21 маусым - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді әлемдік тарихта алғаш рет ядролық қаруды заңнан тыс жариялаған Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттердің бірінші конференциясына қатысты. Бұған дейін жаппай қырып-жою қарудың (ЖҚҚ) үш түрінен тек биологиялық және химиялық қаруға тыйым салынған болатын.

ЯҚТШ-тың бірінші конференциясы Аустрияның төрағалығымен өтті. Қазақстан, Мексика және Таиланд төрағаның орынбасарлары болып сайланды.

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген М.Тілеуберді Қазақстанның ЯҚТШ-қа қосылу туралы шешімі тек саяси себептерге ғана емес, сонымен қатар ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге деген біздің берік ұстанымымызға да байланысты екенін атап өтті. «Қазақстан ядролық қаруды жою үшін жаһандық қозғалыстың алдыңғы қатарында және бұл біз үшін басты басымдық», - деп атап өтті Министр.

Сондай-ақ СІМ басшысы М.Тілеуберді біздің елдің Шарт мәтінін келісу және Бірінші конференцияға дайындық процесіне белсенді қатысқанын атап өтті. Қазақстанның бастамасы бойынша ядролық қаруды сынау және қолдану құрбандарына көмек көрсету, қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында ұсыныстар дайындаған жұмыс тобы құрылды.

Бұл бастама Донорлық көмекті тарту және ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты емдеуге және қоршаған ортаны қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық траст қорын құруды көздейді.

Ядролық сынақтардан және ядролық қаруды қолданудан зардап шеккендердің атынан Қазақстанның антиядролық қозғалысының белсендісі Кәріпбек Куюковке сөз берілді. Оның өмір тарихы ядролық сынақтардың залалды зардаптарының айқын айғағы. Қазақстандық суретші барлық қатысушыларды ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу бойынша нақты қадамдар қабылдауға шақырды.

Аталған бастаманы іске асырудың ықтимал жолдары Қазақстан Кирибати, Nuclear Age Peace Foundation (АҚШ) және Soka Gakkai (Жапония) қарусыздану саласындағы беделді ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастырған тақырыптық іс-шара барысында белсенді түрде талқыланды. Іс-шараға БҰҰ Қарусыздану мәселелері басқармасының (БҰҰ ҚМБ) басшылығы, ядролық сынақтардан зардап шеккен қазақстандықтар Кәріпбек Куюков пен Дмитрий Веселов, ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері, Ядролық сынақтарға ұшыраған Тынық мұхит өңіріндегі жастар ұйымдарының өкілдері және ядролық қарусыздану саласындағы танымал мамандар қатысты.

Ядролық қарудан зардап шеккен қазақстандық азаматтардың және Тынық мұхиты аймағындағы арал мемлекеттерінің жастар ұйымдары өкілдерінің ЯҚТШ конференциясына қатысуы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мен БҰҰ ҚМБ қолдауының арқасында мүмкін болды.

ЯҚТШ конференциясы аясында М.Тілеуберді Латын Америка мен Кариб бассейніндегі Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттіктің Бас хатшысы Флавио Бонзанини, Жаңа Зеландияның Қарусыздану және қару-жарақты бақылау істері жөніндегі министрі Фил Твайфорд және бейіндік ҮЕҰ өкілдерімен бөлек кездесулер өткізді. Кездесу барысында тараптар халықаралық қауіпсіздікті нығайту, ЯҚТШ ережелерін орындау бойынша бірлескен күш-жігерді талқылады, ядролық қарусыздану және ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне көзқарастардың ұқсастығын атап өтті.

ЯҚТШ-тың бірінші кездесуінің қорытындылары бойынша Вена декларациясы мен Шартты іске асыру және шарт бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес оны әмбебаптандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын қабылдау жоспарлануда.

Конференцияның маңызды нәтижесі ядролық қарусызданудың шекті мерзімін белгілеу туралы шешім болады деп күтілуде. Бұл процестің уақыты сессияаралық кезеңде талқыланады.

Еліміздің ядролық қарусыздануға қосқан тарихи үлесін ескере отырып, еліміз 2024-2026 жылдарға арналған ЯҚТШ-тың Үшінші кездесуінің төрағасы лауазымына өз кандидатурасын ұсынды. Конференция жұмысы 2022 жылдың 23 маусымына дейін жалғасады.

ЯҚТШ конференциясы шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер министрі Александр Шалленбергпен бірге Семей сынақ полигонының жабылуына, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне қосқан үлесіне арналған «Қазақстан: ядролық қорқыныштан әлемнің эпицентріне дейін» көрмесін көріп шықты.

ЯҚТШ 2017 жылғы шілдеде қабылданып, 2021 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді (50 ратификациялауға қол жеткізілгеннен кейін). Бүгінгі таңда 86 мемлекет ЯҚТШ-қа қол қойды, оның 65-і оны ратификациялады.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл