Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 810 теңге, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
1 қазан жағдайына сәйкес, республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 249 теңге, базалық зейнетақы – 47 561 теңге. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам зейнетақы төленген. Елде қазіргі уақытта шамамен 2,51 миллион зейнеткер бар.
Ресми дереккөз мәліметінше, «Бұл көрсеткіштер зейнетақының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді», – деп айтылған.
Еске салсақ, бұған дейін алдағы үш жылда Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгереді деген болжам жарияланған.