| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ЛГБТ заң жобасын Сенат қосымша пысықтау үшін кейінге қалдырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
4 желтоқсандағы пленарлық отырыстың күн тәртібінде архив ісі мен құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралуы тиіс еді.
Алайда, оның кейбір баптарын қосымша тексеру қажет болғандықтан, қарау кейінге шегерілді.
Заң Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 12 басқа заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Сенаторлар балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін де ескере отырып, жобаны мұқият және салмақты қарастыру қажеттігін атап өтті.