Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық депутаттар Ресейдегі президент сайлауына бақылау жасайды
Жаңалықтар

Қазақстандық депутаттар Ресейдегі президент сайлауына бақылау жасайды

01.03.2024
1 мин
0
433
Фото: ort-tv.ru

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Dauletten.kz, Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Қошанов Ресей мен Қазақстан тату көрші әрі одақтастық туралы шартты негізге ала отырып, ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшылары біздің түрлі саладағы өзара байланысымыздың жоғары қарқынын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өңіраралық ынтымақтастық форумдары тұрақты түрде өткізіліп, нәтижесінде маңызды экономикалық жобалар қолға алынуда. Біздің елдер арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді және 70 пайыз өңірлер арасындағы тікелей сауда арқылы қамтамасыз етіліп отыр»,  – деді ол.

Қос тарап Мәжіліс төрағасының Ресейге ресми сапарына дайындық барысын, сондай-ақ Қазақстан депутаттарының Ресей Федерациясындағы Президент сайлауын бақылауға қатысуын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет қарым-қатынасты нығайтуға, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастық аясында дамытуға келісті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл