445.65
508.71
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы ақсап тұр — депутат 1,5 мың ауылдың интернетсіз қалғанын ашық айтты
Жаңалықтар

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы ақсап тұр — депутат 1,5 мың ауылдың интернетсіз қалғанын ашық айтты

23.09.2026
мин
0
75
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда 700 мыңға жуық ауыл тұрғыны белгіленген мерзімде жоғары жылдамдықты интернетке қосыла алмады. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдарға межеленген 1,5 мыңнан астам елді мекенге талшықты-оптикалық желі тарту жоспары орындалмай қалған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Владимир Киян Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жолдаған ресми сауалында мәлімдеді.

Бүгінде ел халқының үштен бір бөлігін құрайтын 7 миллионнан астам азамат ауылдық жерлерде өмір сүреді. Қазіргі таңда жоғары жылдамдықты ғаламтор елді мекендерді дамытудың, білім алу мен кәсіп жүргізудің, сондай-ақ мемлекеттік әрі банктік қызметтерді кедергісіз пайдаланудың басты тетігіне айналған.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолға алынған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бойынша жалпы тұрғын саны 1,1 миллионнан асатын 2 955 ауылға оптикалық байланыс желісін жүргізу көзделген еді. Алайда жүзеге асыру барысы көңіл көншітпей отыр.

- Бүгінгі таңда талшықты-оптикалық байланыс желісіне 284 225 адам тұратын 306 ауылдық елді мекен ғана қосылған. Әсіресе 2024-2025 жылдарға жоспарланған іс-шаралар бойынша айтарлықтай артта қалушылық байқалады. Белгіленген мерзімде 692 867 адам тұратын 1 502 ауылдық елді мекен интернетке қосылмаған. Осылайша, 700 мыңға жуық ауыл тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке жоспарланған уақытта қол жеткізе алмады, – деп атап өтті депутат.

Халық қалаулысының айтуынша, Жоғары аудиторлық палата да бұл олқылықты растаған. Жоспардың бұзылуына жобалық құжаттардың шала дайындалуы, бюрократиялық кідірістер мен қаржыландырудағы түйткілдер себеп болған.

Сонымен қатар депутат ресми есептердегі «ауылдардың 97%-ы интернетпен қамтылған» деген мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін алға тартты. Өйткені бұл көрсеткішке сапасы төмен 2G, 3G, ADSL және спутниктік байланыс түрлері қосылып кеткен. Нәтижесінде, жалпы цифрлар жақсы көрінгенімен, халық заманауи жоғары жылдамдықты желінің игілігін көре алмай отыр. Бұл жағдай 2027 жылға дейінгі межелердің созбалаңға салыну қаупін тудырады.

Осыған орай, «Ауыл» фракциясының өкілдері Үкіметке бірқатар талап пен ұсыныс тастады:

1 502 ауылға интернеттің кешігу себептерін ашық түсіндіріп, нақты аяқталу мерзімдерін белгілеу;

Ұлттық жобаны уақытылы аяқтау үшін жауапты орындаушылар мен қаржы көздері айқындалған жаңа жоспар түзу;

Шалғай жерлердегі елді мекендерге желіні жедел жеткізу үшін спутниктік технологияларды кеңінен қолдану;

Құрылыс нысандарын жобалау және пайдалануға беру кезеңінде олардың телекоммуникациялық дайындығына бірыңғай талаптар енгізу.

Владимир Киянның пайымдауынша, сапалы байланыс инфрақұрылымы тек магистральдық желілерді тартумен шектелмейді. Жаңадан бой көтерген әлеуметтік және өндірістік ғимараттардың цифрлық желіге дайын болуы да басты назарда ұсталуы тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл