441.91
499.05
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Республикалық жолдарды қысқа әзірлеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Жаңалықтар

Республикалық жолдарды қысқа әзірлеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

01.10.2026
мин
0
51

Елдегі республикалық жолдарды қысқы мезгілге әзірлеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда қажетті арнайы техниканың басым бөлігі сақадай сай тұрғанымен, көктайғаққа қарсы материалдар қорын жинақтау әлі де аяқтала қойған жоқ. Бұл туралы «ҚАЖсервис» ЖШС бас директоры Марат Сүлейменов мәлім етті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда алдағы суық мезгілде жолдарды қауіпсіз әрі толыққанды күтіп ұстау мақсатында кешенді дайындық шаралары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда арнайы техниканың дайындығы жоғары деңгейді көрсеткенімен, жолдарға себетін инертті материалдар қорын әзірлеу әлі де жалғасуда.

«ҚАЖсервис» ЖШС басшысы Марат Сүлейменовтің айтуынша, көктайғаққа қарсы қолданылатын құм, тұз, сондай-ақ отын ретінде пайдаланылатын көмір қорын жинақтау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жоспарланған материалдардың жартысына жуығы әзірленген. Бұл қор келесі жылдың наурыз айының соңына дейінгі толық маусымдық қажеттілікті жабуға есептелген.

Дегенмен, өңірлердегі жағдай әртүрлі. Кейбір облыстарда жергілікті ерекшеліктерге байланысты көмір сияқты жекелеген материалдарға мүлдем сұраныс жоқ.

- Мысалы, Қостанай облысында құм мен тұз жеткізуге жауапты мердігерлермен келісімшарт жасалып қойды. Аймақ қысқы мезгілді қарсы алуға толықтай әзір. 31 желтоқсанға дейін ешқандай іркіліссіз жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар. Ал жаңа жылдан кейін 2027 жылдың бюджеті есебінен қосымша материалдар сатып алуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті компания басшысы.

Өндірістік базалардың да басым бөлігі қысқа сай дайындалған. Жол қызметтерінің қарамағындағы 1 830 арнайы техниканың 1 615-і (шамамен 97–98 пайызы) толық жұмыс қабілетінде.

Бұған қарамастан, кейбір облыстарда арнайы техниканың белгілі бір түрлері бойынша тапшылық байқалады. Бул мәселені шешу үшін қажетті сатып алу процедуралары жүргізілуде. Келісімшарттар бекітілген соң, компания қосымша сұраныстың 70–80 пайызын жабуды көздеп отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл