Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сарапшылар еліміздегі мобильді интернетке баға берді
Жаңалықтар

Сарапшылар еліміздегі мобильді интернетке баға берді

11.11.2022
1 мин
0
699

Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы жоғары жылдамдықты қосылудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жол береді. Зерттеушілер осындай қорытындыға келді. 

Дереккөз ақпараттарға сәйкес, серфинг, әлеуметтік желілер мен онлайн ойындар үшін 2 Мбит/с жеткілікті. Бейнеконференция және SD бейне үшін жылдамдық 3 Мбит/с төмен болмауы керек, ал HD-сапалы бейне үшін пайдаланушыға кемінде 5 Мбит/с жылдамдық қажет болады. Full HD үшін Интернет тұрақты 8 Мбит/с жылдамдығын сақтауы керек.

2022 жылдың қыркүйек айында Speedtest Global Index деректері бойынша Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 22,6 Мб/с-қа жетті, бұл 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары көрсеткіш.

Саясаткер, қоғам қайраткері және блогер Санжар Боқаев Speedtest қосымшасының көмегімен мобильді интернет жылдамдығын зерттеу барысында Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған операторлардың желі жылдамдығы 5 Мбит/с пен 16 Мбит/с аралығында екенін анықтады.
Hootsuite мәліметтері бойынша 14 миллионға жуық қазақстандық әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланады. Өткен жылы Internet Accessibility Index жаһандық рейтингі Қазақстанды әлемдегі ең арзан интернеті бар ТОП-5 елдерінің қатарына қосты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл