Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан марқұмдардың туыстарын Маңғыстау облысына апара жатыр
Жаңалықтар

Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан марқұмдардың туыстарын Маңғыстау облысына апара жатыр

12.09.2025
мин
0
547

Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан марқұмдардың туыстарын Маңғыстау облысына апара жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

- Министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексерілуде, - деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Сондай-ақ ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді. Бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады — денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін. Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде — бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.

- Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, - деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған. Анықталғандай, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл