Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Суға бату кезінде қандай алғашқы көмек жасау керек?
Маман пікірі

Суға бату кезінде қандай алғашқы көмек жасау керек?

14.06.2023
5 мин
1
2115

Шомылу маусымы басталғалы, суға бату қаупі де артатыны анық. Мамандардың ескертуін құлақ астырмау, шектеу қойған жерлерге шомылып, өмірлеріне балта шауып жатқандар қаншама. Осыған дейін суға батып көз жұмған деректерді жариялаған болатынбыз. Суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз қандай әрекеттер жасау керек? Толығырақ Dauletten.kz сайтында.

Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша, алдымен өзіңізге ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізу керек. Зардап шегушіні судан алып шығыңыз.

Зардап шегушіні ішімен өз тізеңізге жатқызып, тыныс жолдарындағы судың ағып кетуіне мүмкіндік жасаңыз. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіңіз. Ауыз қуысын бөгде заттардан тазартыңыз (шырыш, құсу массалары және т.б.).

«Жедел жәрдем» шақырыңыз (өзіңіз немесе басқалардың көмегімен).

Ұйқы күре тамырында пульстің болуын, көз қарашығының жарыққа реакциясын, өздігінен тыныс алуын анықтап алыңыз.

Тамыр соғуы және тыныс алуы болған кезде:

  • зардап шегушіні ішпен жатқызу;
  • оны жамбас арқылы аудару (орындықтың артқы жағы, ағаштың қалың бұтағы және т. б.);
  • ауыз қуысын тазарту: екі саусақты аузына мүмкіндігінше терең салып және тілдің түбіне басу. Егер осыдан кейін құсу және жөтел пайда болса, өкпе мен асқазаннан суды алып тастау, ол үшін келесі 5-10 минут ішінде су ағып кетпейінше тілдің түбірін қайта-қайта басып, алақанмен арқадан қағып, дем шығару кезінде кеудене бірнеше рет қысу;
  • суды алып тастағаннан кейін зардап шегушіні бүйіріне немесе ішінен жатқызыңыз;
  • зардап шегушіні жылыту;
  • зардап шегушіні бақылаңыз, өйткені кез келген уақытта жүрек соғуы тоқтап қалуы мүмкін және реанимация қажет болады.

Егер тамыр соғысы, тыныс алу және көз қарашығының жарыққа реакциясы болмаса, дереу жүрек-өкпе реанимациясын жасаңыз. Медициналық қызметкерлер келгенге дейін немесе өз бетінше тыныс алу мен жүрек соғысы қалпына келгенше реанимацияны жалғастырыңыз.

Егер зардап шегушіні тексеру кезінде өздігінен тыныс алмаса, дереу өкпені жасанды желдетуді жүргізу қажет.

фото: gov.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
1 Пікір
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл