Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
WhatasApp арқылы алдайды: Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Жаңалықтар

WhatasApp арқылы алдайды: Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

07.11.2022
1 мин
0
347

WhatsApp мессенджерінде Қазақстан азаматтарына несие беруге дайын француз экономистінің атынан хабарлама тарады. Бұл туралы Stopfake.kz порталы жазды.

Қазақстандықтарға француз экономисімен байланысып, 1-9 миллион теңгеге дейін алуға болатыны айтылған. Бұл – алаяқтық, деп жазды портал.

Мұндай алдау жолдары әлем елдерінде көп тараған. Желіде несие ұсынатын алаяқтар туралы ескертулер бар және олардың адамдарды қалай көндіретіні егжей-тегжейлі сипатталған. Әдетте, шабуылдаушылар әлеуетті клиенттің қызығушылық танытып отырғанын байқап, одан несие рәсімдеу үшін белгілі бір мөлшерде комиссия төлеуін сұрайды.

Осыдан кейін алаяқтармен байланыс үзіліп, олардың көмегіне жүгінген адам несие ала алмай, жіберген ақшасынан да айырылады.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Сингапурдың 315 тұрғыны мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы несие алуға уәде берген алаяқтардың құрбаны болған. Алданғандар жоғалтқан ақшаның жалпы сомасы 670 000 доллар болған. 2019 жылы алданып қалған сингапурлықтардың саны 692-ге дейін өсті, ал шығын 2,2 миллион доллар болған. Сонымен қатар, жағдайлардың бірінде алаяқтар "комиссия жарнасы" ретінде сегіз мың доллардан астам ақша талап еткен.

Сондай-ақ, БАҚ-та "жарна" төлеуден бас тартқандарға қоқан-лоққы көрсетіліп, қудалауға ұшыраған, алаяқтар олармен әңгімелесу барысында иемденіп алған жеке деректерді жариялаймыз деп қорқытқаны хабарланды. Демек, мессенджерлерде немесе әлеуметтік желілерде ірі көлемде несиелер ұсынған адамдарға мүлдем сенуге болмайды. Әдетте, мұндай несие берушілер алаяқтар, деп жазды портал.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл