457.09
508.42
5.67
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісуда 58 әйел көшбасшылық дағдыларын жетілдірді
Жаңалықтар

Жетісуда 58 әйел көшбасшылық дағдыларын жетілдірді

06.10.2026
0 мин
0
43

Жетісу облысында әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруға және жаңа мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған «Әйелдер даму алаңы» көшбасшылық және құқықтық білім беру жобасы аясында  «Көшбасшы әйел» кешенді оқыту бағдарламасы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бағдарламаға 58 әйел қатысты. Оқыту барысында қатысушылар көшбасшылық қабілеттерді дамыту, тиімді коммуникация, көпшілік алдында сөйлеу, командамен жұмыс істеу, жеке даму жоспарын құру, кәсіпкерлік бағытты айқындау, жеке брендті қалыптастыру және қаржылық мақсаттарды жоспарлау бойынша білім мен практикалық дағдылар алды.

Оқыту бағдарламасы екі практикалық мастер-кластан тұрды. Бірінші мастер-класс көшбасшылық қабілеттер мен коммуникациялық дағдыларды дамытуға арналды. Екінші мастер-класста жеке және кәсіби даму, кәсіпкерлік бастамаларды жүйелеу, жеке бренд қалыптастыру және қаржылық мақсаттарды айқындау мәселелері қарастырылды.

Сабақтар теориялық ақпарат берумен шектелмей, пікірталастар, практикалық тапсырмалар және нақты өмірлік жағдайларды талдау форматында өтті.

Оқытудың тәжірибелік құндылығын арттыру мақсатында бағдарламаға әртүрлі салаларда кәсіби тәжірибесі бар республикалық деңгейдегі тренерлер мен сарапшылар тартылды.

Осылайша, кешенді оқыту тек жаңа ақпарат беруге емес, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін бағалап, алдағы даму бағытын айқындауына да бағытталды. «Көшбасшы әйел» бағдарламасының басты мақсаты - әйелдерге өз әлеуетін ашуға, жаңа білімді күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қолдануға, жеке бастамаларын жүйелі түрде дамытуға қажетті практикалық құралдар беру.

Аталған оқыту бағдарламасы - жоба аясында әйелдердің білімін, дағдыларын және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі. Жобаны Жетісу облысы ішкі саясаты басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы аясында «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ жүзеге асыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл