| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысында әйелдер мен қыздардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Әйелдер даму алаңы» көшбасшылық және құқықтық білім беру жобасы аясында Women Community Network түлектер қауымдастығы құрылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қауымдастық жоба түлектерін бір ортаға біріктіріп, олардың өзара байланысын сақтауға, тәжірибе алмасуына және жаңа бастамаларды дамытуына мүмкіндік береді. Women Community Network – оқудан кейінгі байланысты жалғастыратын, қатысушылардың кәсіби және әлеуметтік белсенділігін қолдайтын орта.
Жоба мазмұнына сәйкес, түлектер желісі ағартушылық, әлеуметтік және мотивациялық бағыттағы бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған. Қатысушыларға ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсету де қауымдастық жұмысының маңызды бөлігі ретінде белгіленген.
Women Community Network аясында онлайн және офлайн кездесулер, тәжірибе алмасу алаңдары, пайдалы байланыстар мен ортақ бастамаларға арналған коммуникациялық орта қалыптастырылады. Қауымдастықтың негізгі байланыс құралдарының бірі ретінде WhatsApp желісі қарастырылған.
«Әйелдер даму алаңы» жобасының негізгі бағыты – Жетісу облысындағы әйелдер мен қыздардың көшбасшылық әлеуетін дамыту, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік-экономикалық белсенділігін күшейту және азаматтық бастамаларын қолдау.
Жобаны Жетісу облысы ішкі саясаты басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы аясында «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ жүзеге асыруда.
Women Community Network – білімнен бастамаға, таныстықтан серіктестікке, идеядан нақты әрекетке бастайтын орта. Қауымдастық Жетісудағы белсенді әйелдер мен қыздардың байланысын нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!