Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктердің болжамынша, бүгін солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл ықтимал.
Күндіз Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.