Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклонның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік аймақтарда жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +35…+39°С-қа дейін көтеріледі.
Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады – +35…+40°С.
Еліміздің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +23+25 °С. Желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.
Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +28+30 °С. Желдің жылдамдығы күндіз 3–8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +33+35 °С. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с.