Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2025 жылғы 1 қарашаға дейін 25 пайыз деңгейінде сақталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Қаржы нарығын реттеу агенттігінің сыртқы коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін 16 маусымнан бастап ипотеканың шекті мөлшерлемесі 20 пайызға дейін төмендейді деп жоспарланған еді. Бұл шешім Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына негізделген болатын.
Алайда агенттік аталған қаулының күшіне енуін кейінге қалдыруды жөн көрді.
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндерін белгілеу туралы" бірлескен қаулысының жекелеген нормаларының күшін уақытша тоқтату жөніндегі қаулы жобасын дайындады. Бұл жоба банктерге алдағы өзгерістерге дайындалуға уақыт беру үшін әзірленді. Яғни, ішкі есеп жүйелерін және операциялық үдерістерді бейімдеу, қазіргі және жаңа ипотекалық өнімдер бойынша талаптарды қайта қарау, сондай-ақ ішкі құжаттарға қажетті өзгерістер енгізу қажет”, – делінген агенттік мәлімдемесінде.
Аталған жоба аясында ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін 25 пайыздан 20 пайызға төмендету нормасы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін шегеріледі.