444.76
495.37
5.37
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абай облысында із-түссіз жоғалған ер адам өлі табылды
Жаңалықтар

Абай облысында із-түссіз жоғалған ер адам өлі табылды

11.11.2026
0 мин
0
192

Абай облысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны Ринат Ахметовтің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

11 қараша күні сағат 15:40 шамасында іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері ер адамның денесін Бородулиха ауданына қарасты Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы далалық аумақтан тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам үсіп қалу салдарынан көз жұмған болуы мүмкін. Алайда өлімнің нақты себебі әзірге белгісіз. Оны анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жоғалған азаматты іздеуге ауқымды күш жұмылдырылған. Іздестіру жұмыстарына 60-тан астам полиция қызметкері, оның ішінде арнайы жасақтың 30 қызметкері, төтенше жағдайлар органдарының 10 маманы, 50 әскери қызметші, төрт ерікті және ер адамның 10 туысы мен досы қатысқан.

Сонымен қатар іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да атсалысқан. Жол қатынасы қиын далалық аумақтарды тексеру үшін тұрғындардың 12 тракторы мен полицияның екі квадроциклі пайдаланылған.

Қазіргі уақытта ер адамның өліміне қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл