Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды
Жаңалықтар

Алматыда қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды

08.08.2023
1 мин
0
342
Фото: satbayev.university

Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады.

Оқыту төмендегі аудиторияларды қамтиды:

– мемлекеттік қызметшілер;

– қала тұрғындары;

– этнос өкілдері;

– ең маңыздысы кәсіпкерлік (сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру) саласының қызметкерлері.

Оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта, тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.

Өтетін орындары: Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен Алматы қаласы аудан аумағындағы кітапханаларда.

Қазақ тілін үйрену курсына жоғарыда көрсетілген топтарға жататын 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады.

Байланыс телефондары:

Мемлекеттік тілді дамыту институты – 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.

Ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Алатау – 2998649;

Алмалы – 8776 830 03 67;

Әуезов – 3032558;

Бостандық – 2755068;

Жетісу – 3842754/75; 8700 770 70 73;

Медеу – 2916434;

Наурызбай – 3074553; 8 708 767 97 41;

Түрксіб – 2231115.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл