| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда соңғы алты жылда 281 студенттік жатақхана пайдалануға беріліп, 72 мыңнан астам төсек-орын ашылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жатақхана тапшылығы негізінен Алматы қаласында сақталып отыр. Мұнда 5 мыңнан астам орын жетіспейді. Бұл мәселені алдағы 1–2 жылда шешу жоспарланған.
- Астанада ЕҰУ базасында 2 656 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Алматыда 4 280 орындық жатақхана кешенінің құрылысы басталды. Оның алғашқы 340 орындық блогы іске қосылды. Жоба толық аяқталған кезде Алматыдағы жатақхана тапшылығының шамамен 80%-ын жабуға мүмкіндік береді, – деді спикер баспасөз конференциясында7
Сондай-ақ Петропавлдағы Қозыбаев университетінде 1 200 орындық, Narxoz университетінде 450 орындық жатақханалар пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, бірқатар жоғары оқу орнында жаңа студенттік жатақханалар ашылды.