| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңарту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2026 жылғы 24 қарашадағы Жарлыққа сәйкес, комиссия төрағасы болып «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай бекітілді.
Комиссия төрағасының орынбасарлары болып Снежанна Имашева мен Назгүл Мақжанова, ал хатшысы болып Гаухар Нұрахметова белгіленді.
Жаңартылған құрамға барлығы 30 адам кірді. Олардың қатарында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, журналистер, ғалымдар, дәрігерлер мен түрлі сала сарапшылары бар.
Президенттің №1577 Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.