Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 7 мың жанұя балалы болады
Жаңалықтар

«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 7 мың жанұя балалы болады

26.01.2023
1 мин
0
1403

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ аясында 7 мың квота бөлінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ аясында бөлінген квота саны 7000-ға дейін көбейді. Осы орайда елімізде 20-дан астам тиісті орталық бар. Сондықтан стандартқа сәйкес дәрігерлері бар, құрал-жабдықтары жасақталған орталықтар бағдарламағы жүзеге асыруға қатысып отыр. Биылға да 7 мың квота бөлінді», - деді А. Ғиният Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған.

ЭКҰ-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болуы және Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге (репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейін, қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв) сәйкес келуі қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы Президент «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

2022 жылдың аяғында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 6,5 мың әйелге көмек көрсетілгені хабарланды.

Нәтижесінде, 2650 отбасында 3110 сәби дүние есігін ашты.

Фото: egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл