Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда бірнеше оқушы қыз қауіпті ойын ойнап, оны видеоға түсірген. Жарияланған кадрларда бір қыздың кеудесіне қысым түсірілгеннен кейін есінен танып, құлаған сәті бейнеленген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Instagram‑дегі quqyq_zhane_shyndyq парақшасында Ақтау қаласындағы бір мектептің әжетханасында түсірілген видео тарады. Пост сипаттамасында оқиғаның 7‑сынып оқушылары арасында болғаны айтылған.
Маңғыстау облысының білім басқармасы мәліметінше, бұл жағдай 18 сәуірге шейін тіркелген. Баспасөз қызметі оқиғаны былай сипаттайды:
Мектептің әжетханасында 7‑сынып оқушысының кеудесі қысылып, оған физикалық қысым көрсетілді.
Оқиғаға байланысты оқушылар мен олардың ата‑аналарына профилактикалық және психологиялық қолдау көрсетілді. Сонымен бірге бұл жайт Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі арнайы комиссияның қарауына жолданды.
Ақтау қалалық білім бөлімі мектеп директорының әрекетіне қатысты да тәртіптік шара қолданылғанын хабарлады.