Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада санитарлық талаптар өрескел бұзылған жағдайда өңделіп жатқан ірі көлемдегі ет тәркіленді
Жаңалықтар

Астанада санитарлық талаптар өрескел бұзылған жағдайда өңделіп жатқан ірі көлемдегі ет тәркіленді

26.05.2025
1 мин
0
465
Сурет: agora.kz

Елордада полицейлер гаражда санитарлық нормаларға мүлде сай келмейтін жағдайда өңделген 600 келіден астам сиыр және жылқы етін тәркіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа порталына сілтеме жасап.

Ведомстволық порталдың мәліметінше, “Қылмысты тоқтату” жедел-алдын алу шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз жұмыс істеп келген ет өңдеу және сату цехтарын әшкереледі.

Тексеру барысында 39 жастағы азаматтың гараж ретінде жабдықталған үй-жайда санитарлық талаптарды елемей, ет өнімдерін өңдеп жатқаны анықталды. Оқиға орнынан полицейлер жалпы салмағы 600 келіден асатын ірі қара мен жылқы етін және тартылған етке арналған шикізатты тәркіледі.

Сондай-ақ, 37 жастағы тағы бір адамның ешбір рұқсат құжатсыз қосалқы ғимаратта ет өнімдерін заңсыз саудалағаны белгілі болды.

Тәркіленген өнімдер зертханалық сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, оларды жою немесе басқа шешім қабылдау қарастырылады.

Басылым хабарлағандай, заң бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды.

Астана қалалық полиция департаменті ветеринарлық бақылаудан өтпеген еттің адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін ескертеді. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, мұндай өнімдердің заңсыз жолмен таралуы және шығу тегі белгісіз болуы тұтынушылар үшін үлкен қатер тудырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл