Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Ауыл online" жобасы аясында шалғайдағы ауылдардың 90%-дан астамы екі жыл ішінде интернетпен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда шалғай елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға бағытталған "Ауыл online" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Оның айтуынша, республикада интернетке қол жеткізуі қиын деп танылған 6 мыңға жуық елді мекен бар. Бүгінгі таңда 2,5 мыңнан астам ауыл желіге қосылған.
- "Қазақтелеком" компаниясымен жасалған келісім аясында алдағы екі жылда қалған барлық ауылдар интернетке қосылып, қамту деңгейі 90%-дан асады. Бұдан бөлек, шалғай ауылдарды Starlink және OneWeb спутниктік технологиялары арқылы қосу жұмыстары да жүргізілуде, — деді Дмитрий Мун.
Өз кезегінде, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абылайхан Оспанов жобаның нақты жүзеге асырылу кезеңдеріне тоқталды.
- Біз "Ауыл online" жобасын әзірлеп, 3 мың ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етубойынша міндеттеме алдық. Бұл жоба аясында байланыс сапасы едәуір жақсарады, — деп атап өтті ол.
Оспановтың мәлімдеуінше, жақын арада интернетпен қамтылатын ауылдардың толық тізімікомпанияның ресми сайтында жарияланады. Сонымен қатар жобаны тиімді іске асыру мақсатында облыс әкімдерімен меморандумдарға қол қою жұмыстарыбасталды.
- Көптеген ұйымдастыру мәселелері жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Мысалы, кабель жүргізуге немесе антенна орнатуға рұқсат беру секілді техникалық рұқсаттар қажет, — деді Оспанов.
Жоба шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы цифрлық қызметтерге қол жеткізуге жол ашып, өңірлердің цифрлық теңсіздігін азайтуға бағытталған.