Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі талқыланады - Ералы Тоғжанов

12.05.2022
1 мин
41
10345

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі Әлеуметтік кодекс аясында талқыланатынын айтты.

«Зейнет жасын қысқарту керектігін көтеріп жүрген санаттар шынымен көп. Бұл мәселе талқыланады. Өйткені обьектиивті түрде айтсақ, бұл оңай мәселе емес. Халықаралық тәжірибені ескеріп отырмыз. Халықаралық тәжірибеде зейнет жасын төмендету туралы әңгіме жоқ. Бұл тақырыпты шахтерлер ғана көтеріп отырған жоқ. Мүгедектігі бар балалардың аналары да бұл мәселені көтеріп жүр», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс қабылданатынын еске салды.

«Әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр», - деді Ералы Тоғжанов.

 

 

41 Пікір
Л
Лира 15.05.2022
Ия 58 жас дұрыс болатын еді
Жауап беру
Б
Батима 14.05.2022
Әрине 63 жас әйелдер үшін дұрыс емес. Әйелдер үшін 58 жас ең дұрысы.Тіптім болмаса 60 қылса да ренжімес едік.
Жауап беру
К
Калбаева Жаныскул Торебековна 14.05.2022
58 жастан шыгарса жаксы болар еді. Қолдаймыз.
Жауап беру
Ж
Жулдыз 14.05.2022
58 жас болса дұрыс болар еді, осы үнімізді есітсе екен билік басындағылар
Жауап беру
Б
Бақытжамал 14.05.2022
58 жас дұрыс болар еді алты аи тоғы қосылады пенсияға ұлгермеи ауырып жатырмыз
Жауап беру
С
Сапар 14.05.2022
Төмендетсің әйтпесе мұғалімдерде дәрігерлер де алжиды
Жауап беру
Г
Гульмира 14.05.2022
зейнет жасын төмендету керек, әйелдердің экологияға байланысты денсаулықтары жақсы емес ,зейнет жасына жете алмай кеткен әйелдер көп
Жауап беру
Т
Турсынхан 14.05.2022
Кыскарту керек58ге тусрип ..соны колдаимыз
Жауап беру
Г
Гульжан 14.05.2022
Зейнет жасын 58 түсіру керек, сіздер бізді шет елмен салыстырмаңыздар, ондай деңгейге ең бірінші жетіп алу керек. Әйел адамның 50 ден кейін болатын өзгерістерді ұмытпаған жөн. Аяқ қолың қақсап,больничный алсаң ақшаңнан қағыласың, ауру адамды ешқандай жұмыс беруші ұнатпайды.
Жауап беру
Ф
Фатима 14.05.2022
Ия менде заводта істеймін тым болмаса 60жас деседе болады ғой мен кран айдаймын қазірдің өзінде бізге ауыр қашан зеинет ақының қызығын көреміз жастарға жол беруіміз керек қой.
Жауап беру
А
Арзыкуль 15.05.2022
Әрине 58 жас болса типтен жақсы,мен қолдаймын, барлық айелдер қауымы қолдайды,осы мәселе оң шешімін тапса екен
Жауап беру
А
Арзыкуль 15.05.2022
Әрине 58 жас болса типтен жақсы,мен қолдаймын, барлық айелдер қауымы қолдайды,осы мәселе оң шешімін тапса екен
Жауап беру
О
Оразгуль 14.05.2022
Саламатсыздарма ия ангел адам коп жумыс жумыс уй ер азаматтарга Караганда айел адам жуйкеси тез тозады аппа шашымен танатпай тикесинен тик турып автобуспен кетип бара жатады одан ол кисилер барып какшиып отырмайды еден жуып журеди олар жумыстан шыгып калса еш жер алмайды жасына байланысты пенсия жок акша табу керек базарга барсан отырады улкен апалар токыма сатып гул сатып кибир ажелер кайыр сурап салкын жерде лестница цементтин устинде отырады сызда немерелерин багып жылы жерде жататын кездериго деп алакандарына тиынды салып басымды шайкап ай казагым ай деп отемиз колымыздан келер ештене жок жан айкай айтып кошеге шыксан колынан устап алып кетеди жогарыдагы кастюмдери какиып туфли тыкылдптып сулары алдында какиып отырган айел адамдардын исиго жумысын кимай откан
Жауап беру
14.05.2022
53тен шыгарса шамалы омирлеринде жумысынын жемисин жесин
Жауап беру
К
Карлыгаш 14.05.2022
Фабрика .завода жумыс ыстеитындерды стажбен шыгарсын 30.35 жыл быр орында жумыс жасаимыз
Жауап беру
Д
Дана 14.05.2022
58-ден шығарса дұрыс болар еді.Қазақ әйелдерінің жұмысы ауыр ғой. Немерелерін бағу да оңай емес. 50-ден асқан соң анау мынеу сырқаттарың белгі берет. Жұмыстан қалсаң больничный төленбейді. 58-аз емес.
Жауап беру
Н
Нахан 14.05.2022
Зейнетжасын кыскартса дұрыс болар еді 63 жас әйелдерге көп. Жүйке міз шаршаған. Жастарға орын беру қажет.
Жауап беру
С
Салтанат 14.05.2022
Менің жасым 53- те. Мамандығым—мұғалім. Айлық жалақым жақсы. Бірақ осы салада әлі 10 жыл жұмыс істейтінімді ойласам, қалай болады деп жүрексінемін. Себебі жүйке шаршаған. Әр сыныпта 25-30 оқушы отырады. Әр үйдің тентегі, еркесі. Олардың барлығының үй тапсырмасын тексеріп, жаңа сабақ түсіндіріп, тәлім мен тәрбиені қатар сіңіру оңай шаруа емес. Оның үстіне білім саласындағы жыл сайын өзгеріп тұратын реформадан алшақтамай жұмыс жасауың керек. Көз шаршаған. Күнделік кз-ке баға қойып отырып оқушылардың қатарын шатастырып аламын. Нәтижеде үлгілі оқушы мен нашар оқушының бағасы ауысып кетіп жатады. Карантин кезіндегі онлайн оқу көздің қабілетін тіпті нашарлатып жіберді. Қазір оқушының сана сезімі жоғары. 63-ке келген, беті әжім басқан, шаршаңқы, аяғын тізесі қалтырап тұратын ұстаздың шәкірттер алдында қандай беделі болмақ. Шаршаған мұғаоімнен тәлім алған шәкірт те шаршаңқы болады. Педагог ұстаздаардың ззейнет жасын 55 жас деп белгіілесе болады. Көрші елдерде солай ғой
Жауап беру
14.05.2022
Дурыс айтасыз менин жолдасымда устаз жасы 59да абден жуйкеси жукарып битти билмеймин окиметтин не ойлап жургенин жас мугалимдер оку битиргендер дипломын сандыкка салып жумыс таппай сандалып жур
Жауап беру
С
Сәндігүл 13.05.2022
Әйелдерге зейнеткерлік жас 55 жастан болған дұрыс .50жастан асқан әйелдерге жұмыс жасауға денсаулық келмейді .
Жауап беру
А
Айгуль 13.05.2022
58 жас
Жауап беру
М
Меирбекова Гулжан Намазовна 13.05.2022
Мен ің жасым 53 те,18 жасымнан сауда кызметкері болып істедім,50 жастан асканда денсаулығым сыр бере бастады ,есте сақтау кабілетім жоғалды,сосын жеңіл жумыс карастырдым,ешбір мекеме 50 ден кеиін жумыска кабылдамаиды сонмен ,сыпырушы болып,паркке орналастым,аилық оте тормен,66000 мың,кун кору мумкін емес,осында 50ден аскан аиелдер жумыс жасаиды денсаулықтары сыр берген аяп кетесің амал жоқ істеп жүр ,соның бірі озім,аяқ қол шыдамайды,менің пікірім 63 жаста зейнетке шығу,ға карсымын,аясаңдаршы аналарды ,55 жас болғанын калаимын,
Жауап беру
Г
Гулфайрус 13.05.2022
63 жастан зейнетке шығу әйел адамдар үшін өте қиын, ауыр ғой. Жастарғада қиын жұмысқа орналасуға. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналар үшін 63 жас өте қиын. 58 жас деген жарайтын еді ғой сол.
Жауап беру
Г
Гүлжан 13.05.2022
Мұғаліммін, сүйікті ісіммен қоштасқым келмейді. 63 жасты қолдаймын. Зейнеткерлікке байланысты мынадай пікір білдіргім келеді: кім қаласа 58 жасында шықса, сол зейнетақымен отырса, кім қаласа 63 жасында шықса
Жауап беру
Ф
Феруза 14.05.2022
Дұрыс емес . Жастарғада орын беру керек жастар жұмыс істесін, маған зейнет жасы 55 - дұрыс
Жауап беру
С
Сара 13.05.2022
58 жас әйел ана, әйел әжелер үшін зейнет жасын төмендету дұрыс деп ойлаймын. Қанша дегенмен жасың ұлғайған сайын, денсаулық та жақсара бермейді. Көру, есте сақтау тағы сол сияқты көптеген себептер толып жатыр.
Жауап беру
13.05.2022
Дұрыс
Жауап беру
Н
Нұрсауле 13.05.2022
55жас жақсығой неге сонша ұзартып жатсыздар ауылда уже көп ұстаздар әрең келіп кетеді шаршайды ғой 55жас әдеміғой
Жауап беру
А
Арай 12.05.2022
Әйелдер 55 жаста шыққаны дұрыс болады деп ойлаймын ауыл айелдері мен қала әйелдерін салыстыруға келмейді. Ауыл әйелдері нің бейнеті көп
Жауап беру
З
Зарина 12.05.2022
Айел адам 55 жастан шыкса оте керемет болатын еди. Айел адамнын бейнетти киын го.
Жауап беру
Г
Гулмира 12.05.2022
Әйел кісілер 55жастан, ер кісілер 58 жастан зейнеткерлікке шықса жақсы болар еді,
Жауап беру
С
Сәуле Рахатқызы 12.05.2022
Әйелдер жасы 55 жастан , ер адамдар 58жастан шықсын. Зорға жүр олар талдаңдар мектепте . Не көзы көрмейді , денешынықтыру сабағынан ағай мүлдем дурыс жүре алмайды . Жанымыз ашып кетеді.
Жауап беру
14.05.2022
Дұрыс жастарға орын беру керек
Жауап беру
А
Алина 12.05.2022
Қарапайым халыққа келгенде ештеңе шешілмейді. Әйел адамдар 55 жастан. ерадамдар 58 жастан шықса жақсы болар еді. Қарапайым халық шаршады жетіспеушідіктен.
Жауап беру
И
Индира 12.05.2022
55жастан шыгару керек зейнетке айелдердi.ерлердi 58ден шыгару керек .
Жауап беру
Д
Дони 12.05.2022
Пенсияға шығу жасын қысқарту керек. кем дегенде 55жас әйел адамға нормально.ер адамдарға 58 жас нормально
Жауап беру
Б
Бауыржан 12.05.2022
Әйелдердің жасын 55-қылу керек неге үкімет осы мәселені ескермейді. Екінші Мәселе жұмысы ауыр Ер азаматтардыңда Зинет жасын түсірген жөн мысалға Кенші, Мұнайшы т.б
Жауап беру
А
Ако 12.05.2022
Әйел адамдарға 55 жасты ұсынады едім әйел адамдардың жолы өте ауыр бала туу үй шаруасы одан қоса жұмыс әсіресе балабақшадағы тәрбиешілер мен ұстаздар және көп балалы аналар жалғыз басты аналар бала қарау өте қиын егерде түсіне білген адамға
Жауап беру
А
Акнур 12.05.2022
Менде келисемин айелдер 55 ерлер 58 жастан шыксын
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл