Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті ұлының еміне қаражат жинау үшін кең көлемді жарнама науқанын ұйымдастырған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы (Instagram, Facebook) баланың қатысуымен түсірілген бейнероликтер мен әсерлі жазбалар арқылы қазақстандықтардың сенімі мен жанашырлығын пайдаланып, 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат жинағаныанықталды. Алайда жиналған соманың ішінен баланың еміне тек 6,4 миллион теңге ғана жұмсалған.
Қалған қаржы ерлі-зайыптының жеке қажеттіліктеріне бағытталған. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер Астанадан үш пәтер, жер телімі және бес автокөлік сатып алған, сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарға жұмсалған.
Жиналған қайырымдылық қаражатын тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін күдіктілер оның үштен бірінен астамын – 481 миллион теңгені әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға (Meta Ads) жұмсаған. Бұл аудиторияны кеңейтуге және қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген.
Сондай-ақ, олар шетелдік клиникада – Түркиядағы LIV Hospital ауруханасында 84 миллион теңгеге операция жасатамыз деген уәжбен халықтан қаражат жинаған. Қажетті сома толық жиналғанымен, операция жасалмаған. Керісінше, олар Instagram желісінде әуежайдағы кадрлармен операция сәтті өтті деген жалған ақпарат таратқан.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын білген соң, күдіктілер қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген, бірақ тергеу бұл мәміленің жалған екенін анықтады.
Сот санкциясымен күдіктілердің атына рәсімделген барлық мүлікке тыйым салынды. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотта қаралуда.
Айта кетейік, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін ол кінәсіз деп есептеледі.