Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл алғаш рет ауыл мектептері мектеп автобусымен қамтылды
Жаңалықтар

Биыл алғаш рет ауыл мектептері мектеп автобусымен қамтылды

14.08.2023
1 мин
1
1016
Фото: BaigeNews.kz

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің өңірлеріне 415 жаңа мектеп автобусы жеткізілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда және Павлодар облыстарының мектеп автопаркі толықтырылды.

«Биыл алғаш рет өңірлердегі мектеп оқушыларын тасымалдау үшін білім ошақтарын автобустармен біржолғы қамтамасыз ету міндеті жан-жақты қаралды. Ескірген автопаркті ауыстыру және автокөліктің жеткіліксіз санын алып тастау туралы мәселе шешілді. Қазір облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қалған автобустарды өңірге жеткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде»,-деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Айта кетейік, жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, балаларды салонда қалдырудың алдын алу жүйесімен, салонның артқы жағында апаттық шығу жолымен, балалардың бар екендігі туралы сигнал беретін арнайы шамдардың болуымен және балаларды тасымалдау процесінде шамдардың тұтануымен жабдықталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
1 Пікір
В
Венера 14.08.2023
Керемет жаңалық барлық мектепте болса екен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл