458.28
501.45
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Буллингті ерте анықтаудың жаңа жолы: NIS оқушылары тың жоба әзірледі
Жаңалықтар

Буллингті ерте анықтаудың жаңа жолы: NIS оқушылары тың жоба әзірледі

25.11.2026
0 мин
0
147
Сурет: Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мектептердегі буллингтің алдын алуға бағытталған AI Guardian атты жасанды интеллект жүйесін әзірледі. Бағдарлама бейнебақылау камералары арқылы оқушылар арасындағы физикалық агрессия белгілерін анықтап, жауапты мамандарға жедел хабарлама жіберуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жобаны Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Ерасыл Құдайбергенов пен Абдраш Абзал әзірлеген. Оқушылар мұндай жүйені жасауға мектептердегі буллинг мәселесінің өзектілігі себеп болғанын айтады. Олардың мақсаты – балалар арасындағы жанжалдың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтап, оның күрделі жағдайға ұласуына жол бермеу.

– Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және телеарналарда мектептердегі буллинг жағдайлары туралы хабарламалар жиі кездеседі. Біз буллингтің алғашқы белгілерін қалай анықтауға болатыны туралы ойлана бастадық, – дейді жоба авторлары.

Олардың айтуынша, мектептегі буллинг көбіне ересектер назарынан тыс қалатын ұсақ әрекеттерден басталады. Мәселен, біреуді итеру немесе кездейсоқ соқтығысқандай көрінетін әрекеттер уақыт өте келе күрделі мәселеге ұласуы мүмкін. Оның үстіне буллингке ұшыраған балалар болған жағдайды ересектерге бірден айта бермейді. Мұндай жағдайлар баланың психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіруі ықтимал.

Осы қауіптердің алдын алу мақсатында оқушылар жасанды интеллект технологиясын пайдаланып, бірнеше пәннің тоғысында AI Guardian жобасын жасаған. Жүйе балалар арасындағы физикалық қақтығыс белгілерін бақылап, күмәнді әрекеттерді тіркейді және тиісті ақпаратты арнайы мобильді қосымшаға жібереді.

– Мектептерде бейнебақылау камералары орнатылған, алайда бейнежазбаларды үнемі қарап отыру мүмкін емес. Бұл көп уақыт пен қосымша ресурсты талап етеді. AI Guardian бейнежазбаларды өздігінен талдап, физикалық агрессияның ықтимал белгілерін анықтайды. Жасанды интеллект итеру, соққы беру және төбелесу әрекеттерін танып, 10–15 секундтық қысқа бейнеүзіндіні жібереді. Хабарлама буллингке қарсы бағдарламаны үйлестіруге жауапты маманның мобильді қосымшасына түседі, – деп түсіндірді оқушылар.

Осылайша мектеп психологы немесе басқа да жауапты маман жанжал туралы дер кезінде хабардар болып, жағдай жүйелі буллингке ұласпай тұрып, тиісті шаралар қабылдай алады. Жүйенің тиімділігін тексеру үшін оқушылар мектеп камералары арқылы түсірілген бейнежазбаларды пайдаланып, сынақ жүргізген.

– Қойылымдық көріністерде итеру әрекетінен кейін шамамен бес секунд ішінде хабарлама келеді, – деді Ерасыл Құдайбергенов.

Оқушылардың жобасы бірнеше ғылыми байқауда жоғары бағаланған. Атап айтқанда, AI Guardian республикалық ғылыми жобалар конкурсының желілік кезеңінде бірінші орын алып, алтын медаль иеленді. Сондай-ақ INFOMATRIX ASIA-2026 халықаралық конкурсында күміс жүлдеге, ал жасанды интеллект қолдану арқылы әзірленген жобаларға арналған KIMEP AI Challenge-2026 қалалық конкурсында екінші орынға ие болды.

Жобаның ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Мақпал Мұқанованың айтуынша, жасанды интеллект моделін үйрету үшін команда 200 сағаттан астам бейнежазбаны талдаған. Жұмыс барысында оқушылардың дене қимылдарын тануға, олардың өзара әрекеттесуін талдауға және бет-әлпетін сәйкестендірмей, физикалық әсер ету фактілерін анықтауға мүмкіндік беретін түрлі алгоритмдер қолданылған.

Қазіргі уақытта жобаның прототипі сынақтан өткен. Келесі кезеңде жүйені пилоттық негізде енгізу жоспарланып отыр. Бұл ретте жауапты мамандардың күмәнді жағдайларға жедел әрекет етуі үшін қысқа бейнеүзінділерді алу мүмкіндігі қарастырылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл