| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй орталығы хабарлады.
Құжаттар 1 маусым мен 8 маусым аралығында электронды түрде qatysu.zhilfond.kz сайты арқылы қабылданады. Іріктеу «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрған азаматтар арасында өтеді. Баспананы ай сайын жалдау ақысы 5 000-15 000 теңгені құрайды. Жалға берілетін пәтерлер саны - 100.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:
Бағдарламаға өтініш беру үшін керек құжаттар тізімі:
Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.
Тағы көру