Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды мектепке дайындау үшін қаражат бөлінеді

09.08.2022
1 мин
49
2676

400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев мәлімдеді.

Балалар жылында Оқу-ағарту министрлігі «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында оқушыларға көрсетілетін материалдық көмек ережелеріне өзгерістер енгізді. Осының нәтижесінде әлеуметтік осал санатындағы 400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді.

«Бұған дейін арнайы санаттағы балаларды мектепке дайындау үшін мемлекет есебінен бөлінетін қаражат мөлшері 17-40 мың теңге аралығында болатын. Таяуда бұл нормаға министрлік ұсынысы бойынша өзгерістер енгізілді. Енді ең төменгі көмек - 37 389 теңге болады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен көмек көрсету тетігіне өзгерістер енгізілді. Енді ақша ата-аналардың шотына тікелей аударылады. Бұған дейін қажетті заттарды әкімдіктер сатып алатын. Сондықтан да тауардың көлеміне, сапасына байланысты мәселелер туындайтын», - деді Дулат Жекебаев тілші сауалына орай.

Министрлік өкілінің мәліметінше, биыл атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетіледі.

«Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері көпбалалы аналармен бірнеше рет кездесіп, әкімдіктермен бірлесе мәселелерді талқылады. Нәтижесінде әлеуметтік осал топқа жататын балаларға көмек көрсету ережелерін өзгерту үшін бастама көтерді. Негізгі қолдау шараларын әкімдіктер жүзеге асыратындықтан, биыл олар қаржылай көмек алатын барлық балаға 37 389 теңге көлемінде қаражат бөледі. Бүгінгі таңда бұл сомадан да артық қаржы бөлетін жергілікті атқарушы органдар бар. Біз мұны тек құптаймыз. Қаражаттың ұлғаюы - бұл көмекті алатын 418 мыңнан астам балаға оң әсер етеді», - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, Дулат Жекебаев жаңа оқу жылы қарсаңында жетімдер үйінің тәрбиленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және төтенше жағдайға тап оқушыларға да материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2573 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
49 Пікір
А
Амангалиева гульфия маликовна 10.08.2022
Коп бала анамын уш балам сабаққа барады.қаражатым жеткіліксіз сіздерден көмек сұраймын!
Жауап беру
Ш
Шынаргүл 10.08.2022
Осы көп баллалыға беріп жатырмыз дейді.бізге дымда да жоқ.көп баллалымын.
Жауап беру
А
Айдана 10.08.2022
Неге біздерге бермиди .Асп алмаймыз мектепте комек жок 5балалы анамын
Жауап беру
А
Айдана 10.08.2022
Неге біздерге бермиди .Асп алмаймыз мектепте комек жок 5балалы анамын
Жауап беру
Ш
Шынар 10.08.2022
Асп да жоқ көмек те жоқ ешқандай. Бәрі құры айтылған сөз.
Жауап беру
А
Асем 10.08.2022
Көп балалы анамын.АСП алмаймыз.Сол АСП алатын көп атаналардың жағдайлары жақсы ғой.Бізге неге көмек қолын созып көмектеспейсіздер.
Жауап беру
А
Айжан 10.08.2022
Өтірік көп балалы анамын. АСП алатындар ғана алады екен.
Жауап беру
Л
Лариса 10.08.2022
Коп балалы жангызбасты анамын уш балам мектепте окыйды Асп шыкпайды асп алатындарга бериледи екен
Жауап беру
Ж
Жанат 10.08.2022
Коп балалы анамын. 3 еуи мектепке барады. АСП алатындарга бериледи дейд.
Жауап беру
Ш
Шынаргүл 10.08.2022
Көп балалы мын бізге жоқ дейді.өтірік жаза береді.
Жауап беру
С
Сәуле 10.08.2022
8-балам бар, Асп алмаймын. Тек Асп алатындарға ғана береміз дейді. Қаншалышты дұрыс
Жауап беру
Н
Назым 10.08.2022
6 балам бар, асп алмаймын. Мектеп тек асп алатындар көмек алады дейді
Жауап беру
М
Майра 09.08.2022
Кайда барып документ тапсырамыз Копбалалы барлык отбасы алама екен
Жауап беру
Г
Гуля 10.08.2022
Мектепте оқитын балдарыңыз болса мұғалімдері звондауы керек. Сол арқылы құжаттар өткізесіз
Жауап беру
А
Айи 09.08.2022
5 баласы бар аналар көп балалы отбасыға жатама???
Жауап беру
Г
Гуля 10.08.2022
Әрине. 4 баладан бастап көпбалалы отбасы
Жауап беру
Н
Насиба 10.08.2022
Балаларым 20 августа тиркеледи официально дейди мектепке бирак комек ала алмаисыз заявка 10 августа Битти биылга деиди каншалыкты рас билесизбе
Жауап беру
Г
Гуля 12.08.2022
Сәлеметсіз бе. Менде де солай болған. Былтыр үлгермей,биыл іліндім. Құжаттарды өткіздім
Жауап беру
С
Сарсенбаева Дариха тел 8707 569 51 01 09.08.2022
Қызым 1 топтағы мүгедек егіз 7 сынып балдары бар әлимент алмайды өзі квартирада тұрады Осы жағдайға байланысты балдарына қаражат ажыратылама?
Жауап беру
Г
Гуля 10.08.2022
Мектепке мұғалімдеріне айтып, құжаттар өткізіңіздер ертерек
Жауап беру
С
Сарсенбаева Дариха 79 тно 09.08.2022
Сарсенбаева Дариха тел н 8707 569 51 01
Жауап беру
С
Сарсенбаева Дариха87075695102 09.08.2022
Алименталмайды қызым 1-топтағы мүгедек егіз екі баласы бар 7 сынып. Осы жағдайға берілеме квартирада түрады
Жауап беру
А
Аяжан 09.08.2022
Оған документ тапсырамызба менде 5 балам мектепке барады
Жауап беру
А
Айнагуль 09.08.2022
37мынга не алсын дейди сонда,кастюм шалбарын 40мын турады,даптерлер 50тг 1шт,не арзан ручка 150тг.еще базардын озинде редпен сата бастаган,багасын адейи котерип койган,неге косасыз десем каспига процент толеймиз дит.
Жауап беру
А
Айткул 09.08.2022
Кашан берилед 11шилде де тапсырдым
Жауап беру
Ж
Жанна 09.08.2022
Көп балалы жалғыз басты анамын 4 балам мектепке барады әр балаға бериледі ма? 2 баламды ғана есепке алды мектеп
Жауап беру
Г
Гулназ Мадинова 09.08.2022
Аллам ешкімге алақан жайдырмасын.
Жауап беру
о
орпгневапмиолдхожь 09.08.2022
ролоьжлжипгнпои
Жауап беру
М
Маржан 09.08.2022
Менің пікірім жәрдемақыны барлық балаға беру керек 11 сынып бітіргенше,менде 3 бала неге менің балалары барлық осындай жәрдемақылар құр қалып келеді,3 бала бала емесбе не?
Жауап беру
А
Алтын 09.08.2022
Атырау обылысында құрмаңғазы раионда биздерге форма кіим беремиздеп жатыр сапасы кандаи білмеиміз акшалаи берсе озимиз карап кіиіндірер едік балдарга унаитынан
Жауап беру
К
Кенжегул 09.08.2022
Саламатсызба Мен Кызылорда облысы Арал каласынан Мен коп балалы анамын асыраушы жок биздерге берми жатыр сендерге жок деп жатыр атауыл алатындарга беремыздеп отыр
Жауап беру
Ә
Әзиз 09.08.2022
Менде Туркестан облысы данмин биздиг мектеп тоже форма аласиздар деп жатир сапасы калай.Акшалай берсе озимиз балдарға унайтин форма алип беруши едик
Жауап беру
Г
Гуля 10.08.2022
Қаржылай биыл Заң бойынша. Егер Мемлекеттен бөлінген қаржы болса.
Жауап беру
Г
Гүльбақыт 09.08.2022
Саламатсызба Қызылорда обл Арал қаласында да сондай жағдай көп балалы отбасыға бермейміз,тек атаулы алатындар деп отыр, оған қоса басқа мектептер ақша бермейміз, өзіміз алып береміз депті ата аналарға. Ол қалай болғаны?
Жауап беру
С
Сағыныш 09.08.2022
Салматсызба мен Түркістан қаласыннан жазып отрмын көп балалы анамын бирақ маған көмек берілмейді деді
Жауап беру
Г
Гүльшат 09.08.2022
Үкіметтің бөлген ақшасын Талдықорған қаласы неге бермей отыр. Әкімдітегілер мен мектеп, форма ретінде беріледі деп. Берген формаларының размері балаларға келмейді. Балалардың құқығы қорғалады дейді сондағы қорғағандары қайсы
Жауап беру
Ж
Ж 09.08.2022
Иә бүгін жазып жатыр 2-август форма береміз деп.Неге Талдықорған мектептері олай деп жатыр..Жоқ басқа Қазақстанда ма олар.
Жауап беру
К
Камар 09.08.2022
Менде коп балалы анамын 6балам сабакка барады неге Аркалык каласына берилмейди комек
Жауап беру
К
Куралаи 09.08.2022
Аисп аламын торт балам бар жалгыз бастымын ажырасканмын каида барамыз каида тиркелемиз
Жауап беру
Г
Гулжайнар 09.08.2022
Кимдерге тиесили
Жауап беру
Б
Бану 09.08.2022
Кимдерге тиесили барсак мектепке сиздерге тиесили емес асп алатындарга гана дейди ким шешеди соган комек берсениздер отиниш
Жауап беру
Б
Бану 09.08.2022
копбалылын берилмейди акша дейди кайда барсак болады озим жумыссызбын
Жауап беру
А
Алпысбай Гүлбану 09.08.2022
Саламатсыздарма. Осы қаржыны беруге қайтадан заң өзгертіліп енгізілдіма соеы білгім келіп еді. Негізі хабарланғанда тамвз айының 5ші жұлдызына дейін мектеп әкімшілігіне құжаттар тапсырылып болу керек содан соң 5ші тамыздан бастап аөша ата ана шотына аударылып он бес күн ішінде ата ана алған заттарының чектерін тапсвру керек делінді. Адайда біздің ауданымызда бүгінгі таңда осы қаржыны алу үшін жұмыспен қамтуға қайта құжат тапсырасыңдар асп есебінде ол тиесілі болмаса бұл қаражатты ада алмайсыңдар, осындай заңға өзгерту енгізілді деп ауызша айтып қайта құжат тапсыртып аналарды сеңдей соқтырып қойды. Сол снбепті көп ана бас тартып отыр. Себебі айтқан анықтамаларын жиеау үшін біраз уақыт кетеді. Осы дұрыспа
Жауап беру
Маржан 09.08.2022
Қайда барып, қандай құжат тапсыру керек?
Жауап беру
К
Каншайым 09.08.2022
Мен коп балалы анамын кайда бару керек кимге барамыз озим декреттемин
Жауап беру
Г
Гүлбаһрам 09.08.2022
Ол үшін қайда барамыз?
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл