441.88
503.61
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мамандық таңдаудағы саналы қадам – жарқын болашақтың бастауы
Маман пікірі

Мамандық таңдаудағы саналы қадам – жарқын болашақтың бастауы

02.02.2026
мин
0
166
Сурет: ЖИ/Dauletten.kz

Алматы облысы Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясында 10 -сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында "Мамандық таңдау – болашаққа бағыт" тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Адам өміріндегі ең маңызды таңдаулардың бірі – жүрек қалауымен қабілет тоғысқан, болашаққа бастар мамандықты таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның жақсысы – өзіңе лайықтысы» деген ойдың мәні де осында. Өйткені мамандық таңдау – жай ғана кәсіп таңдау емес, адамның алдағы өмір жолына бағдар жасау, өз мүмкіндігін танып, қабілетін дұрыс арнаға бағыттау.

Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесудің негізгі міндеті – оқушыларға мамандықтар әлемі туралы түсінік беру, олардың қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, болашақ кәсібін саналы таңдауға бағыттау.

Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесуге 60 оқушы қатысып, өздерінің болашақ кәсіби бағыты туралы ойларын ортаға салды. Кездесуді тренер Мухамадиева Жанар Канатбековна жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдаудың мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, «Менің болашақ мамандығым», «Мамандық таңдауда нені ескеру керек?», «Қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?» тақырыптары төңірегінде еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Әңгіме барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттері, сондай-ақ болашақта таңдауды жоспарлап жүрген мамандықтары жайындағы ой-пікірлерімен бөлісті.

Әңгіме барысында мамандық таңдаудың жауапкершілігіне ерекше мән берілді. Адам өзіне ұнайтын істі қабілетімен ұштастыра білсе, таңдаған кәсібіне деген қызығушылығы да, жауапкершілігі де арта түсетіні айтылды. Сонымен қатар мамандық таңдауда тек қызығушылықты ғана емес, жеке қабілет, жауапкершілік, еңбекқорлық және қоғамдағы қажеттілікті ескерудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесудің практикалық бөлімінде оқушыларға «Менің қызығушылығым – менің болашақ мамандығым» тапсырмасы ұсынылды. Бұл тапсырма арқылы олар өздері жақсы көретін істерін, қабілеттерін саралап, таңдаған мамандығымен арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік алды.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығы әр адамның өз еңбегі мен таңдаған ісіне жауапкершілікпен қарауының маңызын аңғартады. Осы тұрғыдан алғанда, мамандықты дұрыс таңдау – болашақтағы еңбек жолының берік негізін қалаудың алғашқы қадамы.

Кездесу соңында оқушылар мамандық таңдаудың жауапты шешім екенін түсініп, өз қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне назар аударудың маңызын білді. Іс-шара олардың болашаққа мақсат қоюына және мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

Бүгінгі саналы таңдау – ертеңгі жарқын болашақтың бастауы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл