Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?
Жаңалықтар

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

16.03.2023
2 мин
0
880

Көктемгі демалыс уақытында оқушылардың қауіпсіздігі бойынша нұсқама берілмек деп, хабарлады Dauletten.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 18-26 наурыз аралығында өтіп, 9 күнге созылады. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысты тиімді пайдалануын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарын әзірлемек.

Сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысында ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздігі бойынша нұсқама беріледі. Бұл туралы министрліктің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы Ақтоты Кемалова хабарлады.

«Білім беру ұйымдарында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жұмыс жоспарына сәйкес, өз жұмыстарын жүргізетін болады. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысында оқушылардың қауіпсіздігі бойынша нұсқама, яғни көктем мезгілінде су айдындарының жанында жүру, авто және темір жол маңындағы қауіпсіздік шараларын қадағалау ұсынылатын болады», – деді Ақтоты Кемалова.

 

Фото: Baq.kz

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл