Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат наградталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
I дәрежелі "Барыс" орденімен:
1) Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
I дәрежелі "Даңқ" орденімен:
1) Қожаев Марат Шәдетханұлы – Парламент Сенатының депутаты.
II дәрежелі "Даңқ" орденімен:
1) Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы –
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
2) Балтабеков Аңсаған Ескендірұлы – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы;
3) Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары;
4) Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы – Бас Прокурордың орынбасары.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын" орденімен:
1) Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
2) Құсайынов Олжас Сағындықұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы;
3) Цой Олег Владимирович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы;
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденімен:
1) Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
2) Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы;
3) Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы;
4) Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары;
5) Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері "Айбын" президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары;
6) Мұстафин Айбек Мамытбекұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі;
7) Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы;
8) Шабер Виталий Николаевич – Бас прокуратураның департамент бастығы.
"Құрмет" орденімен:
1) Камалов Алпамыс Әмірғалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры;
2) Кәріпова Айнагүл Төкенқызы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызмет басшысының орынбасары.