Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Проблемалы несиелерге қатысты құжат қабылданды
Жаңалықтар

Проблемалы несиелерге қатысты құжат қабылданды

23.06.2022
1 мин
17
3885

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

«Стрестік активтердің 4 тобы бар. Осы орайда төлеу мерзімі 90 күннен асқан кредиттер 870 млрд теңге сомада, қайта құрылымдалған кредиттер 936 млрд теңге сомада, өндіріп алынған мүлік 156 млрд теңге сомада және банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарының активтері 356 млрд теңге сомада қамтылған. Банктердің балансын жұмыс істемейтін кредиттерден мемлекет қаражатын тартпай тазартудың нарықтық тетігін құру маңызды. Бұл тұрғыда стрестік активтердің өтімді нарығын дамыту қажет. Стрестік активтер нарығын құру үшін осы заң жобасы 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді», - деді М. Әбілқасымова.

Біріншіден, заң жобасында стрестік активтерді авторизацияланған сатып алушылардың қолданыстағы тізімін жеке инвесторларды қосу арқылы кеңейту көзделген.

«Қазіргі уақытта банктер туралы заңның 36-1 бабына сәйкес, авторизацияланған сатып алушылар тізіміне екінші деңгейдегі банктер, банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдары, Проблемалық кредиттер қоры, коллекторлық агенттіктер және басқа да қаржы ұйымдары кіреді. Бұл ретте, тізім кеңейтіліп, банктердің және микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы беріледі. Жеке инвесторларға заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің тек проблемалық қарыздарын сатып алуға рұқсат етіледі. Заң жобасында қарыз алушы – жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін олардың несиелерін инвесторларға сату ескерілмеген», - деді агенттік басшысы.

Екіншіден, заң жобасында сервистік компаниялар институтын құру қарастырылған. Олар инвесторларға проблемалы кредиттерге қызмет көрсету және басқару қызметтерін іске асырады.

«Сервистік компаниялардың функцияларын тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге беру ұсынылады. Сервистік компаниялар активтерді сенімгерлік түрде басқарады, өндіріп алудың жеке стратегиясын әзірлейтін болады және стрестік активтердің иелеріне басқа да қызметтер көрсетеді. Заң аясындағы деңгейде сервистік компаниялар үшін капиталдың мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделінің болуы сияқты жоғары талаптар белгіленетін болады. Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі аталған ұйымдар Агенттіктің реттеу аясына жатады», - деді М. Әбілқасымова.

«Заң жобасы өндіріп алынған мүліктің, яғни банктің меншігіне өткен мүліктің банктердің және микроқаржы ұйымдарының теңгерімінде болуы үшін шекті мерзімді 3 жыл деп белгілеуді қарастырады. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарын стрестік активтерді экономикалық айналымға жедел түрде тартуға ынталандырады», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, агенттік басшысы жыл басында стрестік активтер көлемі 2,3 трлн теңге болғанын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
17 Пікір
Л
Лаура 24.06.2022
Түсінікті айтса дұрыс болар еді
Жауап беру
Б
Бану 24.06.2022
Дым түсінбедім,қарапайым тілде жазса қайтеді.
Жауап беру
М
Мария 24.06.2022
Ештеңе де түсінбедім. Бірақ, менің айтарым бар. Мысалы, менің ұлымның Каспий мен Сбербанктен қарызы бар, 2017-2018 жылдардан қалған. Неше түрлі коллекторский компанияларға өтіп кеткен. Ендігі айтайын дегенім, Каспий банкке бардым, ұлымның қарызын төлеуге дайынмын, график шығарып беріңіздер деп. Ұлым кезінде Астанадан алған екен, Мен Шымкент қаласындағы филиалына бардым, олар маған біз шеше алмаймыз Астанаға барып шешіңіз дейді. Сонымен аяқсыз қалды.
Жауап беру
Ж
Жанат 24.06.2022
Ой банктің тілімен емес халықтың тілімен түсіндірсеңізші, түк түсінсем бұйырмасын.
Жауап беру
Е
Ещанова 24.06.2022
Кредит толей алмай отыргандар, не истеймиз
Жауап беру
К
Кенжегул 24.06.2022
Тусиниксиз не болады сонда кеширема жок па
Жауап беру
Ж
Жанара 24.06.2022
Жок
Жауап беру
Ж
Жемисгуль 23.06.2022
Менде дым түсінбедім. Неге анығын айтпайды.
Жауап беру
Ж
Жанна 23.06.2022
Тусиниксиз, кредит алып толей алмай отырган дар ушин дым жазбаганго, теле арнада айтам тусиндирип или озиниз тусиндирип пост салынызшы. Халык ушин.
Жауап беру
Р
Римма 23.06.2022
Тусыныксыз
Жауап беру
Ф
Фарида 23.06.2022
Халықты ешкім ойлап жатқан жоқ онсыз да несиесін төлей алмай тығырыққа тірелген адамды жан жақтан қысымға алмақ па енді кəсіпкерлердің қоқаңдауы қалып еді төленбей жатқан несиені сатып алып білгенін істемегенде нестейді онсыз да кəсіпкерлер тауарларына жүз есе қосып сатып байып отқанда енді несие сатып алуы қалып еді
Жауап беру
З
Зарина 23.06.2022
Халыктын жагдайын ойлаудын орнына халыкты кысайын деп отр.Акшасы болса толемейма.Жок болган сон толей алмай отр.
Жауап беру
А
Арай 23.06.2022
Тук тусинбедим
Жауап беру
Р
Рита 23.06.2022
Тусинсем буйырмасын шшс
Жауап беру
А
Асель 23.06.2022
Коркытып ауыздарына келгенди айтып отырады.
Жауап беру
Д
Дина 23.06.2022
Сонда кредит толей алмай журсен атындагы муликти алып кояма?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл