Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгеретіні айтылды
Жаңалықтар

Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгеретіні айтылды

26.04.2021
1 мин
28
11144

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасымен зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірледі.

Тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделіп отыр. Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі, белгілі бір тұстарын жетілдіре отырып, базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне негізделген.

Қазір ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындаудың жаңа тетігі пысықталуда:

  • ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-інен 70%-іне дейін ұлғайту ұсынылады;
  • қатысудың ең аз өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту;
  • зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау (қазіргі уақытта ең жоғары шектеу еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 1 күнкөріс деңгейін құрайды).

Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты – 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылардың шотына зейнетақы жарнасы ретінде қызметкердің табысының 5%-ін аударады.

Қазақстан президенті жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мақсатын шартты-жинақтаушы компонентті қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинағын толықтыруға өзгерту тәсілдерін мақұлдады.

Салық кодексі аясында жұмыс берушілерге жүктемені төмендету үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын шегерімге жатқызу бөлігінде жеңілдіктер көзделген.

Мұндай тәсіл зейнет жасына жеткен кезде (зейнетке шыққаннан кейін табысты алмастыру коэффициенті) салымшылардың зейнетақы жинақтарының адекватты деңгейін сақтауға, сондай-ақ келешекте барлық салымшыға зейнетақы жинағын мақсатты пайдалануға (баспана сатып алуға, емделуге) мүмкіндік береді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
28 Пікір
Ж
Жумагул 21.02.2022
55жаста пенсияга кету
Жауап беру
О
Орунай 28.10.2021
55 жас айелге ерте, 58 жас десен келисуге болады. Ерте зейинеткер болгымыз келмейди.
Жауап беру
Ж
Жумагул 21.02.2022
55жаста пенсияга кету
Жауап беру
Т
Турсынай 03.05.2021
Зейнет жасын азайту керек. Әйелдер қауымы 55 жастан жіберу керек. 60 жастан кеткен үлкен аналармен жұмыс жасау мүмкін емес. Себебі олар сырқаттанып,көздері көрмит, олардың қасына көмекші керек.
Жауап беру
М
Макпал 02.05.2021
Зейнет жасын азайту керек!Бұл дұрыс емес.Жастар жұмыссыз қаңғып жур
Жауап беру
Б
Боль пожилых 30.04.2021
Когда же наши верхи решат вопрос о пенсионном возрасте?В связи с этой пандкмией сколько пожилых не доживают до этого возраста! Разве можно так издеваться над своим народом?Почему депутаты пенсионеры до сих работают? Снимать их надо оттуда, где слуги народа которые на самом деле заботятся о простом народе? Я пишу это,хотя прекрасно понимаю что это не дойдет до верхов,а если и дойдет,то навряд ли у них совесть появится. И что то изменят в этом животрепещещем вопросе. Тек қана бір Алладан сураймыз,өзгеріс келсін қазақ еліме.
Жауап беру
Б
Боль пожилых 30.04.2021
Почему искажают текст?
Жауап беру
Б
Боль пожилых 30.04.2021
Почему искажают текст?
Жауап беру
Б
Боль пожилых 30.04.2021
Почему искажают текст?
Жауап беру
Б
Бибигул 28.04.2021
Зейнет жасын азайтуга болмай ма Казакстандагы зиялы кауым осы туралы ойланбай ма жасы улгайып куші жок адамдар амалсыз пенсия ушін жумыстамыз ал окыган жастар кытайдын киімін телефонын сатып барахолкада көшеде арнемені.сатып каңгырып кундерін әрең көріп жур
Жауап беру
Н
Назира 27.04.2021
Ой бир манызды акпарат па десем, одан да пенсия жасын кыскартсын да
Жауап беру
Д
Динара 27.04.2021
Оданша пенсияға шығатын жасты қысқартпайма
Жауап беру
Д
Динара 27.04.2021
Оданша пенсияға шығатын жасты қысқартпайма
Жауап беру
А
Айгул 27.04.2021
тек түзетулер енгізген ба сонда,бұл маңызды емес ау хадыққа
Жауап беру
А
Айгерим 27.04.2021
Енді жұмыс беруші , зейнетақы счетына жұмысшы үшін ақша салады, және де міндетті түрде аударылып отыру керек. Сол үшін жұмыс беруші не салық төлеуде жеңілдіктер беріледі. Деп түсіндім
Жауап беру
Ш
Шаһар 26.04.2021
Дым түсінбедім.Қазақ болсақта,қазақшаны түсінбедім.Орысшасы бар ма?Оданда зейнет жасын төмендетпей ме?
Жауап беру
Ф
Фарида 27.04.2021
Ия,дым түсініксіз
Жауап беру
Ж
Жазира 26.04.2021
Қазақшаны түсінбейтін болдық қой . Аудармасы бар ма екен? Жаңылтпаш сияқты
Жауап беру
Ғ
Ғалия 27.04.2021
"Русский" бассаңыз орысша аудармасы шығады ғой
Жауап беру
А
А 26.04.2021
Дым түсінсем бұйырмасын, кешіріңіздер!
Жауап беру
Р
Роза 27.04.2021
Үстіне тағы 5пайыз беріп,үкіметті байытып,зейнет жасын ұзмртып тас
Жауап беру
Р
Роза 27.04.2021
Үстіне тағы 5пайыз беріп,үкіметті байытып,зейнет жасын ұзартса,осы жасқа дейін өмір сүруінеғайбыл?
Жауап беру
А
Айжан 26.04.2021
Айтеуир озгерткеннен шаршамайды екен.Халыкка дым пайдасы жок.
Жауап беру
К
Күлайна 26.04.2021
Пенсия жасын азайтпайма
Жауап беру
Н
Нури 26.04.2021
Зейнетақыдан ақша алу үшін 10 % ын сразу ұстанған тиімді ма? Әлде бөліп төлеген бе? Айтып жіберіңіздерші
Жауап беру
Ш
Шырын 26.04.2021
Зейнетке 4баламен шығарса екен, бұрын 5-баламен шығаратын көп балалы деп, қазір 4-бала көп балалы емес па
Жауап беру
Ш
Шырын 26.04.2021
Зейнетке 4баламен шығарса екен, бұрын 5-баламен шығаратын көп балалы деп, қазір 4-бала көп балалы емес па
Жауап беру
Л
Лязат 26.04.2021
Тусинбедим, сонда жумыс беруши калтасынан 5%толейме
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл