Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қос аққуды атқан азамат құрықталды
Жаңалықтар

Қос аққуды атқан азамат құрықталды

30.10.2022
1 мин
0
1273

Ақмола полицейлері Қызыл кітапқа енген қос аққуды атқан аңшыны ұстады. Бұл факт “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Бұланды ауданында 67 жастағы зейнеткер қос аққуды атып тастаған. Бұл фактіні аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Журавлев ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде анықтады.

"67 жастағы жергілікті тұрғынның “ИЖ-Юпитер 5” мотоциклін тоқтатып, құжаттар мен көлік құралын тексеру кезінде полицейлер мотоцикл арбасынан екі аққудың ұшасы және 12 калибрлі “ТОЗ 34” тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапты. Айта кету керек, қару тіркелген, сонымен қатар ауыл тұрғынының тиісті аңшы куәлігі бар. Ақмолалықтың айтуынша, Қызыл кітапқа енгізілген аққуларды атуға тыйым салынғанын ол біле тұрып, оларды атып өлтірген", - дейді полиция.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді (Заңсыз аң аулау). Қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Кликун аққуы саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл