| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Орталық сайлау комиссиясы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналған бюллетеньнің ресми нұсқасын таныстырды. Құжатта азаматтарға бір ғана нақты сұрақ ұсынылады, - деп хабардайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ұсынған бюллетеньде мынадай сауал жазылған:
"Жобасы 2026 жылы 12 ақпанда БАҚ-та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?"
Мәтін қазақ және орыс тілдерінде берілген. Сонымен қатар көру қабілеті нашар азаматтар үшін Брайль рельефті қарпі қолданылған.
Сайлаушыларға екі жауап нұсқасы ұсынылады:
«Иә – қабылдаймын»
«Жоқ – қабылдамаймын»
Әр жауаптың жанында бос төртбұрышты ұяшық орналасқан. Азамат өз таңдаған нұсқасының тұсына белгі қояды.
Комиссия өкілдерінің мәліметінше, бюллетень формасы заң талаптарына сай әзірленген және дауыс беру құпиялығы толық сақталады.
