| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада өтетін RES 2026 халықаралық экологиялық саммитіне қатысу үшін Қазақстанға бірқатар елдердің жоғары лауазымды өкілдері келді Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Саммит 22-24 сәуір аралығында елордада өтеді. Ауқымды іс-шараға қатысу үшін Әли Асадов, Әзербайжан Премьер-министрі, Астанаға келді.
Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Президенті де халықаралық RES 2026 экологиялық саммитіне қатысу мақсатында Қазақстанға жетті.
Халықаралық деңгейдегі бұл саммит 24 сәуірге дейін жалғасады.

Ауқымды халықаралық іс-шара Қазақстанда алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Саммитке Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары, ғылыми қауымдастық өкілдері және 20 мыңнан астам қатысушы жиналуда.
Жалпы, бұл саммиттің мақсаты – өңірдің орнықты дамуына қатысты ортақ ұстаным қалыптастыру және экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын талқылау. Күн тәртібінде климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді басқару, жасыл энергетиканы дамыту және экологиялық қауіпсіздік мәселелері қарастырылмақ.
Сондай-ақ саммит барысында өңір елдерінің «жасыл экономикаға» көшуіне бағытталған жаңа бастамалар мен жобалар ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл алаң Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастықты нығайтып, тұрақты даму бағытында жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.