Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының полицейлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысты деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген арнайы операция барысында қылмыс үстінде қолға түсті. Ол бір ауыл аумағында 1 грамм синтетикалық есірткі – спайсты сатпақ болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр. Заңнамаға сәйкес, оған 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Сонымен қатар, тінту барысында полицейлер күдіктінің үйінен тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтықты анықтады. Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданды.
Полицейлердің айтуынша, 1 грамм спайс құрамындағы белсенді заттың концентрациясына қарай бірнеше дозаға бөлінуі мүмкін. Синтетикалық каннабиноидтардың ағзаға әсері алдын ала болжанбайды. Тіпті микродозаның өзі ауыр улануға немесе қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Есірткі қылмыстарымен күрес – полицейлер жұмысының басым бағыттарының бірі. Әсіресе синтетикалық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу арқылы жастардың денсаулығы мен өмірін қорғау көзделеді.
Жыл басынан бері СҚО-да 43 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның 4 келіден астамы – синтетикалық есірткі.