Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Жаңалықтар

Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді

16.08.2022
1 мин
3
1754

Студенттерге баға қою кезінде оның академиялық білімімен бірге әлеуметтік және зерттеу белсенділігін ескеретін пилоттық жоба қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

«Еңбек нарығын жоғары білім деңгейінде тәжірибелі мамандармен қамтамасыз ету және оларды мобильді даярлау үшін қолданбалы бакалавриат моделі енгізілді. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде 8 жоғары оқу орнының базасында жаңа бағдарламалар іске қосылады.

Сондай-ақ, 4 жоғары оқу орнының базасында пилоттық режимде студенттердің әлеуметтік және зерттеу белсенділігін ескеретін білім алушыларды бағалаудың жаңа моделі, яғни интегралдық GPA пилоттық жобасын бастап жатырмыз. Енді студенттерді бағалау кезінде тек академиялық көрсеткіштер емес, зерттеулерге, волонтерлік, дебаттық қозғалыстарға қатысуы да ескеріледі», - деді министр.

Оның айтуынша, тамыздың соңында жоғары білім беру саласының өкілдері дербес Тамыз конференциясын өткізбек.

Жоғары оқу орындары академиялық процеске дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты аяқтады. Ректорлармен үш үлкен кездесу өткіздік. Білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, кестені бекіту, педагогикалық жүктемені анықтау, оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды.

«24-25 тамызда Тамыз конференциясын өткіземіз. Форум аясында форсайт-сессиялар мен бірқатар семинар ұйымдастырылады», - деді ведомство басшысы.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
3 Пікір
Б
Батима 17.08.2022
Салмаймын, жұмыс істемейм
Жауап беру
А
Айша 17.08.2022
Билим жайлы пикир жетеди.Бирак Бари финанска келип тиреледи.Озимиз кол жеткизе алмаган мамандыктарды балаларымыз жеткизсинши.Кымбатшылыктан бала-га косымша билим Бере алмай тек окы окы деп мативациялаудамыз.Азаннан кешке дейин жумыстамыз.Косымша кружоктар бар бирак бала оте коп,сабактары уактылы болмайды Сапасы томен.
Жауап беру
Б
Баян 16.08.2022
Мектеп бағдарламасын реттесе 5 сабактан етип,6 сабактан кешке кеш кайтады балалар
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл