Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев энергетика саласын дамытудың басым бағыттарын атады
Жаңалықтар

Тоқаев энергетика саласын дамытудың басым бағыттарын атады

17.12.2025
мин
0
115
Сурет: Ақорда

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.

Жиын барысында Мемлекет басшысы мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі шаралардың нәтижесінде энергия нысандары мен инженерлік-коммуналдық желілердің тұрақтылығы айтарлықтай күшейгенін айтты.

Президент заманауи үлгідегі «таза көмір» технологиясына мүмкіндігінше тезірек көшу қажеттігін атап өтіп, ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2030 жылға дейін елімізде кемінде 200 нысанға реконструкция жасалып, 86 мың шақырым инженерлік желі жаңартылады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Балқаш атом электр станциясының құрылысы, сондай-ақ одан кейін салынатын екінші атом электр станциясы Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл