| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                101 телефонына Шардара су қоймасында демалушылардың қайықпен суға кетіп, қайта оралмағандығы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткенде қайықтың ақауы салдарынан 3 адамның су ортасында қалып қойғаны анықталған.
Құтқару жұмысына Түркістан облысы Жедел құтқару жасағы және полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылып, бір сағат ішінде шұғыл қызметтер авариялық-құтқару жұмыстарын аяқтап, адамдарды жағаға шығарған. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет етпеген.
Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласуға шақырады.