Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық банкі жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары аясында гранттық оқуға өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылға арналған білім гранттары келесідей бөлінген:
Аталған бағдарламалардың негізгі мақсаты – Ұлттық банк, оның еншілес ұйымдары және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін жоғары білікті кадрлар даярлау.
Оқу келесі салалар бойынша жүргізіледі: қаржы, экономика, қаржы технологиялары, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау.
Білім беру бағдарламалары 2025 жылдың қазан айында басталып, екі академиялық жылды қамтиды.
Оқуға түсу үшін талапкерлер университеттер мен Ұлттық банктің талаптарына сай келіп, конкурстық іріктеуден өтуі тиіс. Бұл іріктеу “Қазақстан-Британ техникалық университеті” базасында 11–29 тамыз аралығында және “Нархоз университетінде” 4–6 қыркүйек аралығында өтеді.
Бағдарламаны сәтті аяқтап, әңгімелесуден өткен түлектерге Ұлттық банк, оның еншілес ұйымдары және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады.