| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын жеті саяси партияны ресми түрде тіркеді. Енді олар алдағы саяси науқанға қатысып, сайлаушылардың дауысын сарапқа салады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың тізімін бекітті.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлауға жеті партия жіберілді. Олар – «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Әділет» саяси партиясы, «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясы, Respublica партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
Еске салайық, Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Ел бойынша 10 мыңға жуық дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 82 учаске шетелдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде ашылады.
Саяси науқанды ұйымдастыруға сайлау комиссияларының құрамында жұмыс істейтін 71 мыңға жуық адам тартылады. Ал дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны шамамен 12,5 миллионды құрайды.
Бұл сайлау жаңа Құрылтай құрамын айқындайтын маңызды саяси науқан болмақ. Алдағы кезеңде партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлаушылардың қолдауына ие болуға тырысады.