| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлауалды кезеңде журналистер мен блогерлердің заң талаптарын қатаң сақтауына назар аударды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, БАҚ өкілдері мен блогерлер кәсіби қызметі аясында фото, аудио және бейнетүсірілім жасап, ақпарат таратуға құқылы. Алайда түсірілім мен ақпарат тарату кезінде заңда белгіленген талаптар сақталуы тиіс.
Аида Балаева сондай-ақ әлеуметтік желідегі журналистер мен блогерлер аккаунттарының бұғатталуына қатысты ақпаратқа тоқталып, Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай шектеулерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Министр сайлау науқаны кезінде сөз және пікір еркіндігіне құрметпен қарап, барлық тарапты қолданыстағы заң нормаларын сақтауға шақырды.
- Ең алдымен, журналистер мен блогерлердің заң шеңберінде өз қызметін еркін жүзеге асыруға, соның ішінде фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар екенін атап өткім келеді. Қазақстан Республикасының "Масс-медиа туралы" Заңына сәйкес журналистер кәсіби қызметі барысында фотоға, аудиоға және бейнеге түсіруге, сондай-ақ ақпарат таратуға құқылы, - деп жазды А.Балаева.