448.45
501.59
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Отбасы банктегі» исламдық несие: жұрт тағатсыздана күткен жаңа қызмет туралы не белгілі?
Жаңалықтар

«Отбасы банктегі» исламдық несие: жұрт тағатсыздана күткен жаңа қызмет туралы не белгілі?

13.10.2026
мин
0
232
Сурет: Ulysmedia.kz

Отбасы банк» АҚ өз қызметтер тізімін кеңейтіп, ислам банкингі операцияларын жүргізуге ресми түрде рұқсат алды. Енді банк салымшылары шариғат талаптарына сай келетін пайызсыз депозит ашып, сыйақысыз қаржылық қызметтерді пайдалана алады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елдегі баспанамен қамтамасыз ету саласындағы басты қаржы институты — «Отбасы банк» өзінің жарғысына маңызды өзгерістер енгізді. Енді банк заңды түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша операциялар жүргізуге мүмкіндік алды.  

Бұл жаңашылдық банктің орталық аппаратына да, оның еліміз бойынша барлық өңірлік филиалдарына да қатысты қолданылады.  

Банк арқылы қандай жаңа қызметтер ұсынылады?

Жарғыға енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Отбасы банк» мынадай исламдық операцияларды жүзеге асырады:  

 Исламдық банктік шоттар: Жеке және заңды тұлғаларға арналған арнайы шоттарды ашу әрі жүргізу;  

 Пайызсыз исламдық депозиттер: Шариғат заңдылықтарына толық сай келетін салымдарды қабылдау;  

 Сыйақысыз несиелеу: Мерзімділік және қайтарымдылық шарттары негізінде, үстеме пайызы жоқ қаржылық қолдау ұсыну;  

 Агенттік қызметтер: Ислам банкингі операциялары аясында серіктестік әрі агенттік қызмет көрсету.  

Бұл қадам дини ұстанымына байланысты дәстүрлі банктік пайыздық жүйеден бас тартқан отандық салымшылар үшін баспана жағдайын жақсартуға үлкен мүмкіндік ашпақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл