Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы әкімдігі Райымбек даңғылы бойымен салынатын BRT (жылдам автобус желісі) жобасының басталу мерзімін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек даңғылында қаланың ең ірі көлік жобаларының бірі – BRT желісінің құрылысы басталады.
Аталған жоба үш негізгі учаскеге бөлінген:
Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші кезең – 21 сәуір мен маусым аралығы. Бұл кезеңде құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, жол жиегіндегі оң жақ жолақ уақытша жабылады. Дегенмен, көлік қозғалысы әр бағытта үш жолақпен қамтамасыз етіледі.
Екінші кезең – маусым айынан бастап. Бұл кезде жол төсемі жаңартылып, асфальт төселеді, жол белгілері мен таңбалар сызылып, бағдаршамдар жаңартылады. Сонымен қатар, тротуарлар, веложолдар, көгалдандыру аймақтары, балалар мен спорт алаңдары абаттандырылады.
Қала тұрғындарына ескерту
Әкімдік құрылыс барысында қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайсыздықты мүмкіндігінше аз сезінуі және қауіпсіз жүруі үшін барлық жағдай жасалатынын хабарлады.
Жаяу жүргіншілерге арналған шаралар:
Қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылар үшін:
Құрылыстың аяқталу мерзімі
Әкімдік мәліметіне сәйкес, негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.